Алматы облысында балаларды ұрған мешіт ұстазы қызметінен босатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтай жанынан мәслихаттармен жұмыс істейтін кеңес құрылады

Құрылтай жанынан мәслихаттармен жұмыс істейтін кеңес құрылады
ашық дереккөз

Кеңес мәслихаттардың заңдарды әзірлеуге тұрақты қатысуын және қабылданған заңдардың жергілікті жерлерде іс жүзінде қолданылуы бойынша кері байланыс алуды жолға қояды.

Құрылтай жанынан Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады Құрылтай Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құру туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бастаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы отырысында Президент айтқан өңірлер мен орталық мемлекеттік органдар арасында тікелей байланысты қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы іске асыру.

Кеңес мәслихаттардың заңдарды әзірлеуге тұрақты қатысуын және қабылданған заңдардың жергілікті жерлерде іс жүзінде қолданылуы бойынша кері байланыс алуды жолға қояды. Сондай-ақ жүйелі шешімдер әзірлеу үшін өңірлердегі проблемаларды анықтап, жинақтап отырады.

Кеңестің міндетіне өңірлердегі табысты тәжірибені зерделеу мен оны таратуға ықпал ету де кіреді. Кеңес құрамына мәслихаттарда жұмыс істеу немесе олармен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесі бар Құрылтайдың тұрақты комитеттерінің депутаттары, саяси партиялар мен мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Астана қаласының, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихат төрағалары кіреді. Өңірлермен тұрақты байланыс орнату үшін Құрылтайдың төрт депутатынан тұратын хатшылық құрылады.

Олардың әрқайсысына бес өңірден бекітіледі. Қажет болған жағдайда жекелеген мәселелерді қарау үшін тақырыптық жұмыс топтары құрылуы мүмкін. Олардың жұмысына Құрылтай мен мәслихат депутаттары, сарапшылар, азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдері тартылады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі