"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Құлаған Назарбаев" Мәскеуге аттанды

"Құлаған Назарбаев" Мәскеуге аттанды

Мәскеудегі заманауи өнер мұражайы Garage қазақтың танымал суретшісі Ербосын Мелдібековтің “Құлаған Назарбаев” атты инсталляциясын сатып алды, деп хабарлайды Kznews.kz

Nationalbusiness.kz сайтының мәліметінше, бұл жұмыс 2024 жылдың ақпанында “Бұран — Байқоңыр, Жібек жолы мен Құс жолының арасында” атты жеке көрмеде алғаш рет жұртшылыққа ұсынылған болатын.

Көрмеге Талдықорғанда орнатылған, кейін 2022 жылғы Қаңтар оқиғасында құлатылған Назарбаев мүсінінің бес қола көшірмесі қойылған. Автор композицияны ескерткіштің құлау сәтін кадрлап бейнелеу арқылы құрған — бір қарағанда құлаған мүсін қайтадан көтеріле бастағандай әсер қалдырады.

Көрмені Кайрат Боранбаевтың “Целинный” заманауи мәдениет орталығы мен Серік Толықпаевтың Aitas Foundation қоры ұйымдастырған. Алайда туынды қоғамда дау туғызып, ұйымдастырушылардан оны экспозициядан алып тастауды талап еткен. Суретші мен куратор бас тартқан соң, Aitas Foundation Мелдібековпен әріптестікті тоқтатқан.

“Құлаған Назарбаев” инсталляциясын Garage мұражайы ондаған мың доллар шамасында сатып алған. Нақты сома жарияланған жоқ.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.