Қостанай облыстық полиция департаменті Volkswagen Passat автокөлігі мен маршруттық автобус қатысқан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Қостанайда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz
Сонымен қатар полиция патрульдік көлік ішінен түсірілген видеоны да жарияланды.
Полицияның мәліметінше, 25 қазан күні кешкі уақытта Passat көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, қозғалысын жалғастырған.
Артынан ол бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, автобуспен соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан жүргізуші ер адам көз жұмды, ал көлікте болған жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Автобуста 55 адам болған. Екі жолаушыға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілді.