«Ордабасы» – Қазақстан чемпионы!
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Ордабасы» – Қазақстан чемпионы!

«Ордабасы» – Қазақстан чемпионы!
Фото: FC Ordabasy

Шымкенттік «Ордабасы» ел чемпионатының аяқталуына бір тур қалғанда алтын жүлдені жеңіп алды! Чемпиондықтың тағдыры бүгін Ақтөбедегі Қобыланды батыр стадионында шешілді: «Ақтөбе» мен «Қайрат» кездесуі 2:2 есебімен аяқталды.

Алаң иелері екі рет алға шыққанымен, алматылықтар есепті теңестірді, деп хабарлайды kznews.kz. «Ақтөбе» сапынан Шейи Оджо мен Агустин Пасторица, «Қайраттан» Азамат Тұяқбаев пен Марк Гуаль гол соқты. Алайда чемпиондыққа таласты жалғастыру үшін «Қайратқа» тек жеңіс қажет еді.

Неліктен «Ордабасы» чемпион атанды? Шымкенттіктердің еншісінде – 68, «Қайратта» 64 ұпай бар. Соңғы турда жеңіске үш ұпай ғана берілетіндіктен, алматылықтар көшбасшыны енді қуып жете алмайды. Осылайша, «Ордабасы» мерзімінен бұрын чемпиондықты рәсімдеді!

Бұл – «Ордабасының» клуб тарихындағы екінші чемпиондығы. Шымкент командасы алғашқы алтын жүлдесін 2023 жылы жеңіп алған еді. Араға үш жыл салып, чемпиондық атақ Шымкентке қайта оралды!

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.