Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қуғындағы тибеттіктер Қытайдағы ереуілдің 60 жылдығын атап өтті

Қуғындағы тибеттіктер Қытайдағы ереуілдің 60 жылдығын атап өтті

Үндістан солтүстігіндегі буддистік храмда 1959 жылы Тибеттегі Қытай үкіметіне қарсы наразылық кезінде басып-жаншылған ереуілді еске алу митингісі өтті. Далай-лама ерушілері құлшылық жасады.

Буддистер 83 жастағы "рухани басшысы" құрған, Қытай қуғынындағы үкімет орналасқан Дхарамсала қаласындағы храмда жиналған. Далай-ламаның өзі бұл шараға қатыспады. Жиынға Тибет билігінің өкілдері мен шетелдік қайраткерлер қатысты.

Бұған қоса бірнеше мың адам Үндістан астанасы Нью-Делиде өткен шеруге қатысты. Қатысушылар қолында Тибет пен Үндістан туларын ұстап жүрген.

Оқи отырыңыз: Қуғындағы Тибет басшысы: "Шыңжаңдағы жағдай басымыздан өткен"

20 ғасырдың басында Тибет Қытайға тәуелді емеспіз деп мәлімдеген, бірақ 1951 жылы Пекин оны қайта қол астына алды. Тибеттіктер "Қытай билігі өздеріне қарсы репрессия ұйымдастырғанын, қудаланғанын" айтады. Бірақ Пекин мұны жоққа шығарады. Қытайдың айтуынша, "билік кедей, артта қалған өңірдің дамуына септескен".


Азаттық
Автор
Жандос