Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жатыр мойыны обыры жыл сайын әлемде 340 мыңға жуық әйелді жалмайды

Жатыр мойыны обыры жыл сайын әлемде 340 мыңға жуық әйелді жалмайды
Фото: ашық дереккөздерден

Медициналық деректерге сүйенсек, әлемде жыл сайын жатыр мойыны обырының 600 мыңға жуық жаңа жағдайы тіркеліп, 340 мыңға жуық әйел осы аурудан көз жұмады екен. Яғни әр екі минут сайын әлемде бір әйел жатыр мойыны обырынан қайтыс болады деген сөз.

Ал біздің елімізде жыл сайын шамамен 1900 әйелден жатыр мойыны обыры анықталады. Бұл күніне орта есеппен бес жаңа жағдай тіркелетінін білдіреді.

Статистикалық мәліметтер бойынша, аурудың I сатысында науқастардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 88,8 пайызды, II сатысында 71 пайызды, III сатысында 51,1 пайызды құрайды-мыс. Барлық сатылар бойынша бұл көрсеткіш 81,9 пайызға тең екен.

Мамандар бес жылдық өмір сүру деңгейінің жоғарылауын емдеу әдістерінің жетілдірілуімен және әр науқастың жағдайына қарай жеке емдеу тәсілін таңдаумен байланыстырады.

Мысалы, Алматы облыстық көпсалалы онкологиялық орталығының дәрігері, жоғары санатты онколог-гинеколог Ақтолқын Мамадиярованың айтуынша, жатыр мойыны обырын емдеудің нәтижесі аурудың қай кезеңде анықталғанына тікелей байланысты болып отыр.

- Әсіресе, аурудың бастапқы кезеңінде ағзаны сақтауға бағытталған емдеу әдістерінің мүмкіндігі зор. Мұндай тәсілдер әйелді қатерлі ісіктен емдеумен қатар, репродуктивтік қызметін сақтауға да мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде болашақта бала сүю мүмкіндігі де сақталуы ықтимал, - дейді жоғары санатты онколог-гинеколог дәрігер Ақтолқын Мамадиярова.

Жалпы, адамдар жатыр мойыны обырының алдын алуда ең маңыздысы ауруды асқындырмай анықтау екенін естен шығармауға тиіс. Әсіресе, әйелдер профилактикалық тексерулерден уақытылы өтіп, скринингтік зерттеулерге немқұрайды қарамауы керек дейді мамандар. Яғни, ерте диагностика емнің тиімділігін арттырып, науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Автор
Гүлжан Амангелдіқызы

журналист-жазушы. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің түлегі. «Арай +» телеарнасында, «Қазақстан - Атырау» телеарнасында редактор, «Жетісу Университеті», «Нұрлы өлке» газеттерінде тілші және Baq.kz, Inbusiness.kz, El.kz ақпараттық порталдарында фрилансер болған.