Тоқаев екі елге жаңа елші тағайындады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Адайдың шалдары”: Ринат Зайыт Мақсат Ахановты айтыстан шеттетуге қарсы екенін айтты

“Адайдың шалдары”: Ринат Зайыт Мақсат Ахановты айтыстан шеттетуге қарсы екенін айтты
Фото: ашық дереккөз

Ринат Зайыттың пікірінше, айтыскер ұлтаралық араздықты қоздыратын немесе мемлекетке тіл тигізетін сөз айтқан жағдайда ғана оны сахнадан шеттету мәселесін қарастыруға болады. Алайда ол Мақсат Ахановтың сөзінен мұндай сипат байқамағанын айтты.

Бұрынғы депутат, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың басшысы Ринат Зайыт айтыскер Мақсат Аханов төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді. Ол Adal ADAM YouTube арнасына берген сұхбатында ақынды айтыстан шеттетуге негіз жоқ деп санайтынын жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Мақсат кімге не деді? Айтыста ұлтараздықты қоздыратын, мемлекетке тіл тигізетін сөз айтса, шеттетуге болатын шығар. Мақсат бір адамға тиетін сөз айтпады. “Адайдың шалдары” деген – күнделікті қолданыстағы сөз», – деді ол.

Сондай-ақ сұхбат барысында бұрынғы депутат әлеуметтік желіде тараған, Мақсат Ахановтың сахнадағы әрекеті түсірілген видеоға қатысты да ойын ортаға салды.

«Мақсат Ахановтың бар істегені сахнада мас болып қалғаны ма? Мен, керісінше, сол видеоны көріп қызықтым. Осылай еркелеп жүре беру керек еді. Одақ Мақсатты қорғап қалуы керек еді», – деді Ринат Зайыт.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.