"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Құдағи болып барамын»: Жанар Айжанова Айжұлдыздың тойы қашан өтетінін айтып қойды (ВИДЕО)

«Құдағи болып барамын»: Жанар Айжанова Айжұлдыздың тойы қашан өтетінін айтып қойды (ВИДЕО)

Өткен аптада блогер, актриса Айжұлдыз Адайбекова ерекше стильде ұзату тойын өткізіп, ел назарын аударған еді. Көпшілік жастардың үйлену тойын асыға күтіп жүр, деп жазады Kznews.kz.

Ал күні кеше «1001 түн» бағдарламасына сұхбат берген Жанар Айжанова жастардың тойы 3 мамырға белгіленгенін айтып берді.

Дәлірек айтсақ, Жанар Айжанова Алматыда үлкен концерт өткізгенін, ал, 30 сәуір күні Астанада да сондай спектакль-концерт жоспарлап отырғанын айтты. Жүргізушілер Жанар Айжанова басқа өңірлерге қашан гастроль өткізетінін нақтылады.

«Әрине, Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз», - деді Айжанова.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.