Қазақстанның бұрынғы сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев жаңа қызметке тағайындалды.
Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Аустрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Сонымен қатар ол Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі қызметін де атқарады.
Бұдан бөлек, Еркін Валитханұлы Тұқымов Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Сондай-ақ Президент жарлығымен Сәулекүл Сайлауқызы Қазақстанның Марокко Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Қазақстанның Того Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.
Тиісті жарлықтарға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.