«Рокировка» - Тоқаев бұрынғы министр Ермек Көшербаевты Еуропаға жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

7 жылда - 70 пайыз: отандық экономиканың өсіміне не ықпал етті?

7 жылда - 70 пайыз: отандық экономиканың өсіміне не ықпал етті?
Фото: ашық дереккөздерден

Кейінгі жеті жылда еліміздегі экономикалық өсім көрсеткіші 70 пайыздан асқан. Ал 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 306 млрд АҚШ долларына жетті. Жалпы, экономикалық даму қарқынындағы серпіліс туралы әлемнің әртүрлі деңгейдегі ұйымдары мен сарапшылары тыңғылықты талдау жасап жүр. Бұл бағытта отандық мамандар да ой толғап отыр.

Мысалы, белгілі экономист, "ФармМедИндустрия" қауымдастығының президенті Руслан Сұлтанов өз жазбасында елдің экономикалық дамуының негізгі нәтижелеріне талдау жасаған екен. Сарапшының пайымдауынша, ұлттық экономикадағы негізгі көрсеткіштердің бірі өндіріс көлемінің артуынан басталады екен. 

- Соңғы жеті жылда құрылыс көлемі 2,4 есе өсті. Өңдеу өнеркәсібінің өндірісі шамамен 42 пайызға артты. Сонымен қатар Қазақстан шетелге отандық өнімдерді көбірек сата бастады. Шағын және орта бизнес те едәуір кеңейді. Бүгінде елімізде 2,2 млн шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Бұл салада 4,53 млн адам еңбек етеді. Яғни, кәсіпкерлік секторында Қазақстандағы барлық жұмыспен қамтылған азаматтардың жартысына жуығы жұмыс істейді, - дейді сарапшы Руслан Сұлтанов.

Экономист сонымен бірге шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 40,9 пайызға жеткеніне тоқталып отыр. Яғни, елдің жалпы ішкі өнімінің шамамен 41 пайызы кәсіпкерлік саласына тиесілі.

Жалпы, осы кезеңде әлеуметтік көрсеткіштер де өзгерді. Соңғы жеті жылда ең төменгі жалақы екі есе өсіп, 85 мың теңгеге жетті. Ал ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 мың теңгеге дейін ұлғайды.

Тағы бір маңызды көрсеткіш ретінде инвестицияны айтуға болады. 2019 - 2025 жылдары Қазақстан 155,7 млрд доллар тікелей шетелдік инвестиция тартты.

Тоқетерін айтқанда, өткен 7 жыл аралығында ел экономикасының ауқымы айтарлықтай кеңейіп, өндіріс көлемі мен инвестиция мөлшері артты. Сонымен қатар кәсіпкерліктің экономикадағы рөлі де күшейді. 

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Журналист-экономист. Журналистика саласында 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.