«Рокировка» - Тоқаев бұрынғы министр Ермек Көшербаевты Еуропаға жіберді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Көкшетауда құрылыс алаңынан төрт жасар бала өлі табылды

Көкшетауда құрылыс алаңынан төрт жасар бала өлі табылды
ашық дереккөз

Көкшетауда жоғалып кеткен төрт жасар Аланның денесі мұздай суға толған шұңқырдан табылды. Қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Мәліметке сәйкес, оқиға болған күні Алан анасымен бірге оның жұмыс орнында болған. Шамамен сағат 17:00-де бала кенеттен жоғалып кеткен. Әйел ғимараттың әр бұрышын қарап шыққанымен, ұлын таба алмаған соң көмек шақырған.

Оқиға орнына келген құтқарушылар мен еріктілер де баланың ғимарат ішіндегі бір жерге тығылып, ұйықтап қалған болуы мүмкін деп үміттенген. Алайда бейнебақылау камераларынан Аланның көшеге шығып, көршілес құрылыс алаңына қарай кеткені анықталған.

«Құрылыс алаңының аумағының басым бөлігіне бетон төселген. Қараңғы түскендіктен, бетонның үстінен септикке арналған шұңқыр көрінбеген. Ол жай ғана шалшық суға ұқсап тұрған. Біз еріктілермен бірге сол жерден бірнеше рет өттік. Еріктілердің біреуі өзі де шұңқырға құлап кете жаздады. Бірақ баланың оған түсіп кетуі мүмкін деген ой ешкімнің басына келмеді», – дейді ерікті Оксана Даронина.

Қайғылы оқиға болған күні жас әйел жаңа жұмысына алғаш рет шыққан. Ол өндіріс орнына тазалықшы болып орналасқанымен, болашақта мамандық оқуды жоспарлаған. Аланның анасы баланы жалғыз тәрбиелеп отырған. Ұлын қалдыратын жер болмағандықтан, оны өзімен бірге жұмысқа алып келген.

Белгілі болғандай, бала қаза тапқан құрылыс алаңының қақпасы ашық тұрған. Ал оған көмек көрсете алатын ешкім болмаған.

«Іздестіру шаралары барысында бала ашық құдықтан табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Ақмола облысы Полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Әсем Әбдірахманова.

Еріктілердің айтуынша, олар Аланның отбасын жақсы таниды және анасы туралы тек жақсы пікірде. Жалғызбасты анаға бұған дейін де материалдық көмек көрсетілген. Аланды жерлеу рәсімін ұйымдастыру үшін белсенділер бүгін таңертең қаражат жинауды бастаған. Бейжай қалмаған қала тұрғындары қажетті соманы санаулы сағаттың ішінде жинап берген. 

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі