Қазақ КСР халық әртісі, әйгілі театр және кино майталманы Асанәлі Әшімовтің видеосы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Бейнежазбада Асанәлі Әшімов өзінің шәкірті, актер Жұмағали Махановқа кітаппен жеңіл ұрып қалған сәті бейнеленген. Актер Жұмағали Маханов ұстазының бұл әрекетіне күліп жауап беріп, жылы қабылдаған.
Жұмағали Маханов бір сұхбатында театрдағы алғашқы қадамдарын еске алып, ұстаздарына алғысын білдірген болатын.
"Театрға келген алғашқы күнім әлі есімде. Ол кезде біздің алдымыздағы аға буын ақсақалдарымыз – Шахан Мусин, Нұрмұхан Жантөрин, Ыдырыс Ноғайбаев, Жұмабай Медетбаев сияқты дүрлер еді. Сәбира Майханова, Бикен Римова, Шолпан Жандарбекова, Қадиша Бөкеева секілді апаларымыз бар еді ғой. Аттарын тізе берсек көп. Қазіргі ақсақалдарымыз Сәбит Оразбаев пен Асанәлі Әшімов ағаларымыз да болды. Әрқайсысы бір-бір тау. Мені қырық жыл театрға байлаған осы бәйтеректердің қамқорлығы шығар деп ойлаймын", – деп айтқан еді Жұмағали Маханов.