"ЦОНда шынымен посредниктер жүр ме?" – ҰҚК-дан мән-жайды анықтау сұралды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті

Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен кетті

Қорғаныс министрінің орынбасары жұмысынан кетті, деп хабарлайды Kznews.kz

«Мемлекет басшысының өкімімен Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Ол бұл қызметке 2023 жылдың маусым айында тағайындалған.

Қазақстан әскерінде генерал-майор Бақытбек Сыдықов әскери училищенің курсантынан бастап, Қарулы күштердің қару-жарақ бастығына дейінгі жолдан өтті. Ол әр жылдары техникалық бөлім және қару-жарақ бойынша жауапты қызметтер атқарды.

«Шығыс» және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының орынбасары (қару-жарақ бойынша), Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша), ҚР Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық саясат департаментінің бастығы болды.

1991 жылы Владикавказ жоғары жалпыәскери командалық училищесін, 1999 жылы Кеңес Одағының маршалы Р. Я. Малиновский атындағы Бронды әскерлер әскери академиясын, 2013 жылы Ұлттық қорғаныс университеті әскери және мемлекеттік басқару факультетін бітірген.

Тәжікстан Республикасының аумағында құқықтық тәртіпті сақтау, мемлекеттік объектілерді күзету және қорғау жөніндегі міндеттерді орындады.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.