Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қордайдағы жанжал кезінде 8 адам қаза болды

Қордайдағы жанжал кезінде 8 адам қаза болды

Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жанжалдан сегіз адам қаза болды деп хабарлады ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

- Ондаған адам жарақат алды, сегіз адам көз жұмды, - деді министр 8 ақпан күнгі брифинг кезінде.

Оның айтуынша, екі полицейге оқ тиіп, жараланған. 30-дан астам үй, 15 сауда нысаны қираған, 23 көлік бүлінген.

- 47 адам полиция бөліміне жеткізілді, екі аңшылық мылтығы тәркіленді, - деді министр.

Ол "барлық кінәлілердің жауапқа тартылатынын" айтты. Қазіргі кезде жанжал болған елді мекендерді полиция бақылап тұр. Министр жағдайдың тұрақтанғанын айтады.

Ақпанның 7-сі күні Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жанжал болды. Жанжалдың неден шыққаны әзірге белгісіз. Полиция "Бұзақылық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізе бастады.

8 ақпанға қараған түні полиция жанжал болған аумақты қоршап, ол жаққа ешкімді өткізбеді.


Azattyq
Автор
Айбар