23 қаңтар басталған Навальныйды босатуға арналған наразылық акциялары Ресейдің барлық қалаларында болды. Reuters агенттігі қазірге дейін 40 мыңнан астам адам акцияға қатысты деген ақпарат таратты.
Жаппай толқу басталған көрші жұрттың саяси белсенділігі біздің ойымызға бір сұрақты ұялатты. «Қазақтың өз Навальныйы бар ма? Оны халық қолдай ма?» деген. Шынымен де біздің Навальныйымыз кім? Халықтың үнін «естиміз» деп айтып, естімей қоятын елдің билігінен теңдік сұрайтын бір топ азамат алға шықса халық соңынан ере ме? Осы сұрақты саясаттанушыға, қоғамдық белсендіге, журналистке, ақынға қойып көрген едік.
«Дулат Ағаділ өлмегенде Навальный бола алатын еді»
Қуаныш Елілханов, қоғамдық белсенді:

«Қазақта Навальный сияқты адамдар бар»
Азаматхан Әміртай, саясаткер:

"Алтынбек Сәрсенбаев Навальный бола алатын еді"
Серік Малеев, саясаткер:

"Қазақстанда жақсы күнді Назарбаевтың өлген күнімен байланыстырады..."
Ықылас Ожайұлы, ақын, тәуелсіз журналист:

Бүгін әлеуметтік желі бетінде "Қазақта Навальный бар ма" деген әдемі бір сұрақ қойылып отыр.
Осы сауалға өзімнің азаматтық көзқарасымды қысқаша ғана білдіре кетейін. Әрине, күнделікті саяси циклондарды жіті бақылап отыратын кәсіби саясаткер емеспін. Десек те азамат ретінде жекелей пікірімді білдіруге өз құқым бар ғой деп есептеймін.
Адамзат тарихында үлкен империялар болды ғой. Мысалы, Осман мен Рим империясы секілді. Солар ақырында құлап тынды. Империялардың тарихи сахнадан жылыстауы олардың уақыт пен әрбір жаңа түсінікке бейімделе алмауында жатыр. Ресей де сол кепті дәл қазір басынан кешіру үстінде. Елді 19-20 ғасырдағы ескі, көнетоз тәсілмен басқаруы, жекелей адамдардың, әсіресе жастардың көзқарастарының ескерілмеуі, плюрализмнің болмауы, демократиялық жаңа үлгілерге дайын болмауы, саяси корпустың өз арманын жүзеге асыру үшін халықты надан қылып ұстау деген секілді толып жатқан факторларды атауға болады. Ал, бұл түптеп келгенде ескі күнді батырып, жаңа күн шапағын шығармай еш қоймайды. Енді негізгі мәселемізге келейік.
Навальныйдың аталған фильмі шындығында өзі жүйкесі жұқарып, әбден әділетсіздіктен ығыры шығып отырған халыққа негізгі тамыздық болды. Әрине, Навальныйдың бұған дейінгі жүрген жолы мен ол татқан кермек орыс қоғамына әділеттік образын нақты қалыптастырып үлгерді. Сондықтан да оның ауызы уәлі болып барша халықты орынынан бір-ақ күнде тұрғызды.
Ал біздегі қысқа күнде қырық құбылу, мемлекеттен тендер жеу, сөйтіп елге де жүйеге де жақсы көрінгісі келетіндер бұл үдеден еш шыға алмай қалды (Әрине, мұндай хамелеондық пен қос мекенділіктен ада жекелей принципшіл азаматтар құдайға шүкір бізде де жоқ емес қой). Мұны енді бір деп қоялық.
Екіншіден, Ресей демократиясы бізге қарағанда 5-6 бас ілгері десек те болады. Басқасын айтпағанда олардың өнер адамдары мен сатириктері Путинді өлтіре сынай алады. Ал, біздің әзілкештер осылай Назарбаевтың "тірідей терісін сыпырып" сынай ала ма?
Үшіншіден, "Бізде Навальный бар ма?" деген сауалға оралайық.
Әрине, бар деп батыл түрде айтар едім. Мысалы, саясаттанушы Шалқар Нұрсейт Қазақстанның жарты байлығы 160-қа жуық адамның қолында екендігін ұдайы айтумен келеді. Мәселе биліктің жемқорлыққа толықтай батқанын ел білмей отырған жоқ қой. Соны қуаттап қозғалыс жасайтын халықтың болмауында болып отыр ғой. Бізде белгілі бір тұлғалардың аты айтыла бастаса болды соның төңірегіне жаман сөздер желдей есе бастайды. Бұл құлдық психология билік тарапынан елді саналы түрде бір ортаға ұйытпаудың бір амалы да болуы бек мүмкін. Біздің кешегі Беларусь халқы мен бүгінгі орыс қоғамы секілді жаппай көтеріле алмауымыздың көптеген себептері бар. Соның ең негізгісіне тоқтала кетейін. Ол біздегі біртекті түсінік пен ұлттық идеологияның жоқтығы дер едім. Мысалы, осы халықтар секілді бір тіл мен бір діннің ғана төңірегіне ұйып отырған жоқпыз ғой. Біздегі тілдік, діндік, рулық, "оралмандық" сана індеттері бір мүдденің төңірегіне топтасуға еш мүмкіндік бермей отыр. Ал орыс қоғамында мұндай мәселенің бірі де жоқ қой. Бұл жерде бізде Навальный секілді тұлға бар ма дегеннен гөрі орыс қоғамы секілді тұлғаның қадіріне жетіп бағасының білетін, мемлекеттік мазмұнға көтерілген біртұтас халық бар ма деп сұрған әлдеқайда дұрыс секілді.
Орыс қоғамында болып жатқан осы саяси бұлғақтардың бізге де тигізетін тікелей қатысты бар. Себебі, кіндігіміз әлікүнге дейін Ресейге байланып тұр емес пе. Сондықтан, Ресейдегі сең біз үшін де тиімді дүние деп есептеймін. Біз дәл қазір тарихи сәт алдында тұрған секілдіміз. Енді біз осы тарихи сәтке қаншалықты дайынбыз, оны өз мүддемізге қалайша тиімді пайдалана аламыз міне, осы сұрақтар төңірегінде ойлануымыз керек секілді. Біз көбіне елімізге келер жақсы күнді Назарбаевтың өлген күнімен тікелей байланыстырып жатамыз. Негізінде еш олай емес. Халықтың азаматтық қоғамды бар болмысымен аңсауы, саяси сауатты болуы, өз құқықтарын талап етуі сынды дүниелер ғана бізді өзіміз армандаған күнге жеткізе алады.
Осы орайда айта кетерлік тағы бір жайт, азаматтық қоғам дегенің мына сорлы жүйені жан-дүниеңмен қабылдамауың, әрі соған табанды түрде күресуіңмен өлшенбей ме. Дәл қазір мемлекеттен тендер алып жан бағу дегеніміз осы жүйенің өмірін созу мен оның өміршең болуына үлес қосу деген сөз. Осы адамдардың елге ақыл айтып жол көрсетуіне ешқандай да қақысы жоқ деп есептеймін. Біздегі тұлғалардың дені жоғарыда айтып өткенімдей қосмекенді. Мысалға өткендегі сайлау мен оған үміткер болған депутаттарды алайықшы. Мен «Ауыл» мен «Адалдың» өтпей қалғанына түк те пұшайман болған жоқпын. Себебі, партия дегеннің өзі адамдардың идеяларынан тұратын жиынтық ұғым емес пе. Сондағы сайлауға түскен адамдардың белгілі мөлшерде осы жүйеге қарсы тұрғанын, сол үшін қудаланғанын, сол үшін шетқақпай болғанын бір жерден көрдіңіз бе? Олар ең әуелі осы азаматтық қоғам мен азаттық идеясының төл авторы болуы керек емес пе. Мен пікірлерін ұдайы ашық айтатын, азаматтық қоғам принциптерін жандүниесімен аңсайтын Дархан Әбдік, Қасым Аманжол, Болат Мүрсәлім, Жанболат Мамай сынды азаматтар қатысып жатса қос қолдап тұрып қолдайтын едім. Бірақ қайдам... Енді айта берсек әңгіме тым көп қой...
"Қоғамда жеке басқа табынғыш зомбилар мен тобырлар армиясы пайда болды"
Құрал Сейітханұлы, қоғамдық белсенді:

Дәл сол сияқты Серікжан Бияш деген арандатушы бар. Ол қытайда жүрген кезде қытай билігінің сойылын соққан зымиян. Бұған оның сол жақта жүргенде; Зұқа батыр мен Оспан батырды жамандауды нақты дәлел. Біздің елде Навальныйға тең келетін адал күрескерлер жоқ. Бар болса да біздің халық ондай адал күрескерлерді емес, керісінше диктатор сипатты Әблиязов, арандатушы Серікжан Бияш сияқты қазаққа мүлдем ниеті бөтен опасыздарды қолдайды. Қоғамда жеке басқа табынғыш зомбилар мен тобырлар армиясы пайда болды. Бұлар бет қаратпайды. Осылайша біздің қоғам әзірге дұрыс таңдау жасай алмай отыр.
Халықтың санасы өте төмен деңгейде. Көбісі тек қарын деңгейінде ғана ойлайды. Қазақ халқының таным түсінігі Еуропа халықтарынан бөлектеу. Біздің халық негізінде рухани, әруақты халық. Проблемаға осы тұстан келуіміз керек деп ойлаймын. Бұл тұрғыда біздің елде Навальныйға тең, тіпті одан да мықты әлсін-әлсін көзге көрініп қоятын ешқандай пайда, мақтан іздемейтін азаматтар бар. Бірақ оларды біздің қоғам әзірге қабылдай алмайды.
"Қазақтың Навальныйы диктатуралық жүйеден шаршаған - біз"
Тілек Ырысбек, ақын:

Мейіржан Әуелханұлы, KzNews.kz