Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның жаңа президенті алғашқы жұмыс сапарын бастады

Қазақстанның жаңа президенті алғашқы жұмыс сапарын бастады

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Қасым-Жомарт Тоқаев республика көлеміндегі алғашқы жұмыс сапары аясында Түркістан қаласына барды

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты. 

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жұмыс сапарын қасиетті Түркістаннан бастады. Сапар барысында облыс орталығы құрылысының барысымен танысып, бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарды аралап, өңірдің жұртшылық өкілдерімен кездеседі деп жоспарланып отыр", — делінген хабарлама мәтінінде.

Естеріңізге сала кетейік, 16 наурызда Түркістандағы құрылысты қадағалауға Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин барған еді.  

Түркістан 2018 жылдың 19 маусымында бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысы деп аталған Түркістан облысының орталығы болып, облыстық маңызы бар қалаға айналды.

Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы орталығы Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесі беріліп, Астана мен Алматыдан кейінгі үшінші мегаполис атанды.  


sputniknews.kz
Автор
Мадияр