Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Қазақстанның екі облысында жолдар жабылды

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

ТЖ комитеті қазақстандықтарға екі облыста көктайғақ болып, жолды көру мүмкіндігі нашарлайтынын ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 4 қараша – Sputnik. Қар, көктайғақ және қатты бұрқасыннан "Самара-Шымкент" тас жолының екі учаскесі жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қарабұтақ кентінен Қызылорда облысының шекарасына дейінгі 965-1240 шақырым учаскеде автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды. Сондай-ақ, Ақтөбе облысында осы жолдың Аралдан Ақтөбе облысының шекарасына дейінгі 1357-1240 шақырым учаскесі жабылды", - деп мәлімдеді ТЖК-дан.

Айта кетсек, Қазақстанның басым аумағында кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ болады. Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығы мен солтүстік-шығысында бұрқасындатады.

Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде көктайғақ болады деп болжанып отыр. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін күшейіп, бұрқасын соғады. Ал Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі.

Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты

Қызылорда облысында кей аймақтарда – тұман, көктайғақ, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, түнде және таңертең Алматы облысында тұман түсіп, 15-22 м/с жел соғады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.


sputniknews.kz
Автор
Айбар