ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанға кірмек болған жүк көліктері қайта бөгеле бастады

Қазақстанға кірмек болған жүк көліктері қайта бөгеле бастады

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері қайта бөгеле бастады. 19 мамыр күні кешке қарай "Ақ-тілек" өткізу пунктініде (Қазақстанда бұл Қарасу кеден бекеті аталады) Қазақстанға өтпек болып, кезек күтіп қалған жүк көліктерінің саны 50-ге таяды. Бұл туралы Қырғызстан шекара қызметіне сілтеп, Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Шекара қызметінің мәлімдеуінше, көліктердің бөгелуіне Қазақстан шекарашыларының тексеруді қатаңдатуы себеп. Бішкек "Қырғызстан тарапы елге көліктерді кідіріссіз өткізіп жатыр" деп хабарлады.

Өткен аптада интернетте жүргізуші мен шекарашылардың дауласып қалған видеосы тараған. Қырғызстан шекара қызметі оқиғаның Қазақстан аумағында болғанын айтады.

Биыл 19 наурызда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы "Ақ-тілек автожол" өткізу бекетінде көлік кептелісі пайда болып, 31 наурызда кезек күткен көліктер саны 250-ге таяған. Бұған Қазақстан жағына өткелі тұрған көліктердің мұқият тексерілуі себеп болғаны хабарланған. Бішкек "шекарадағы тексеру Еуразия экономикалық одағының талаптарына қайшы" деп мәлімдеді. Нұр-Сұлтан мұны жоққа шығарған.


Azattyq
Автор
Әлихан