14 сарбаздың қазасы: Олжас Бектенов әскердегі өрескел кемшіліктерді атады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қуат Хамитов ресейлік файтерді нокаутқа түсіріп, ТМД елдеріне үндеу жасады

Қуат Хамитов ресейлік файтерді нокаутқа түсіріп, ТМД елдеріне үндеу жасады
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық спортшы ресейлік Алексей Махноны нокаутқа түсірді.

Қазақстандық файтер Қуат Хамитов 30 қазанда Душанбеде өткен ACA 209 аралас жекпе-жек турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті, деп хабарлайды kznews.kz

Жартылай орта салмақ дәрежесінде өткен кездесу екінші раундта аяқталды.

Айта кетейік, жекпе-жек алдында қарсыластар әлеуметтік желіде өзара сөз таластырған болатын: Хамитов қарсыласын зейнетке жіберуге уәде берсе, Махно "Найманның" сабасын беруді көздеген.

Кездесуден кейін Хамитов ТМД елдерін "бірлікте болуға" және "ұлтқа бөлінуді" тоқтатуға шақырды.

"Жақсы да, жаман да адамдар болады. Егер тату-тәтті өмір сүріп, бірімізді біріміз сыйласақ, тыныштық орнайды. Ал бейбітшілік бар жерде әрдайым даму мен бақыт болады", - деді қазақстандық файтер.

Осы жеңісінен кейін 38 жастағы Қуат Хамитов Sherdog платформасындағы кәсіби рекордын жаңартты: енді оның еншісінде 26 жеңіс, тоғыз жеңіліс және бір тең ойын бар.

36 жастағы Махно қатарынан төртінші рет жеңілді. Бұл ресейліктің мансабындағы 27 жеңісіне қарсы 14-ші жеңілісі болды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.