Қостанай облысында улы зиянкестерге шалдыққан 19 тонна киви жемісі жеткізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Тobolinfo.kz порталына сілтеме жасап.
"Негізі зиянкестің киви жемісінде табылғанына байланысты үрейлернудің қажет жоқ. Себебі ол өнімнің сапасы мен тауарлық белгісіне әсер етпейді. Жәндіктің адам өміріне тигізетін қаупі де жоқ. Бірақ жемісті тұтынар кезде дұрыстап жуған жөн", - деді ресейлік мамандар.
Бұл жағдай бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін былтырғы жылы 73 тонна бұзылған киви шекарадан өтетін кезде анықталыпты.
stan.kz