KZNEWS.KZ
Спорт

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді

Айгерім Асылова
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық теннисші, әлемнің 306-ракеткасы Зарина Дияс кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қазақстандық теннисші әлеуметтік желідегі парақшасында кәсіби мансабын аяқтайтынын жариялады. 32 жастағы спортшы өз жазбасында жанкүйерлеріне, отбасына, сондай-ақ командасына, бапкерлері мен достарына алғыс айтқан.

Зарина Диястың жолы қалай басталды?

Дияс кәсіби мансабын 2000-жылдардың аяғында бастаған. Ол 15 жасында-ақ Прагадағы турнирде ширек финалға дейін жетіп, Петра Квитова секілді мықты қарсыластарын жеңіп, үлкен сенсация жасады.

2009–2010 жылдары ITF турнирлеріне белсенді қатысып, алғашқы титулдарын иеленді және әлемдік теннис қауымдастығының назарын аударды.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →