Министрлерді «бас ұстаз» деп атауға кім рұқсат берді? – тележүргізуші
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева универсиада жарысында күміс медальға ие болды

Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева универсиада жарысында күміс медальға ие болды

Ресейдің Красноярскі қаласында өтіп жатқан Универсиада-2019 жарысы кезінде қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль алған.

Қысқа бағдарламадан кейін төртінші орынды иеленген Тұрсынбаева еркін бағдарламаны орындау кезінде керемет нәтиже көрсеткен. Соның арқасында екінші орынға ие болған. Ол қос бағдарламада 214.77 ұпай жинаған. Бұл - оның жеке рекорды.

Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальды - жапон спортшысы Маи Михара (220.68), қола медальды ресейлік Станислава Константинова (205.91) ұтып алған.

Осы жарыста 124.41 ұпай жинаған қазақстандық спортшы Айза Мамбекова 17-ші орынды иеленген.


Азаттық
Автор
Арман