Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық ірі екі банк Перизат Қайраттың қорына миллиард теңге аударған

Қазақстандық ірі екі банк Перизат Қайраттың қорына миллиард теңге аударған
Фото: Ulysmedia

Бүгінгі сот отырысында Kaspi Bank-тің заңгері Айдар Ксенбаев куәгер ретінде жауап берді.

Оның айтуынша, 2024 жылғы сәуір айында банкке Перизат Қайраттың атынан екі хат келіп түскен. Біріншісінде — 120 миллион теңге, ал үш күннен соң екіншісінде — қосымша 500 миллион теңге аудару сұралған. Банк бұл өтініштерге сәйкес, жалпы сомасы 620 миллион теңгені «Biz Birgemiz» қоғамдық бірлестігінің шотына аударған.

— 2024 жылғы 1 шілдеде Перизат Қайраттан алғыс хат келді. Онда қаражаттың қайықтар, генераторлар, қаптар секілді заттарға жұмсалғаны айтылған. Қалған бөлігі азық-түлік пен көлік қызметтеріне пайдаланылған делінген. Алайда кейін бұл қаражаттың мақсатты түрде жұмсалмағаны, нақты азаматтарға жетпей, ұрланғаны анықталды. Қазір банкке 620 миллион теңге көлемінде залал келіп отыр, — деді Ксенбаев сотта.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.