"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстандық блогер ұтыс ойнату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Қазақстандық блогер ұтыс ойнату кезінде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді

Блогер Салтанат Аманқосова лотерея арқылы тікелей көлік ұтыс ойынын өткізіп, басы дауға қалды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер ұтыс ойынының видеосын жеке парақшасында жариялады. Серіктес ретінде әнші Абай Бегейдің әйелі Фариза Жұмановамен бірге ойнатты. Лотореяның басты шарты – жөргек сатып алу. Тұтынушылар арасынан ақтаулық келіншек көлік иесі атанды. 

Алайда желі қолданушылары ұтыс ойынының әділ өтпегеніне күмәнданады. 

“Баланың қолындағы қағазды алмай, басқа қағазды алды”, “Ешкім танымайтын адамға көлік сыйламайды”, “Фаризаның баласындағы қағазды неге алмады?!”, “Ақшаны қайдан тауып жатыр”, “Бүкіл Қазақстан қатысты, бірақ ақтаулық келіншек ұтты. Демек танысы шығар”, “Жанабыловтер сияқты толық тексерсін”– деп жазды көпшілік. 

Блогер айыптаулардың бәріне жауап берді.

“Бес баласы бар келіншекке бұйырды. Жергөктің ақшасын қолма-қол төлей калмай, бөліп төлеуге алыпты. Бәрі әділ өтті. Ибраһимнің қолындағы қағазды алғаным рас. Ешкімнің ақысына кірмейміз”, – деп жауап қатты блогер.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.