Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті жарты жылда көз жұмған қазақстандықтардың санын жария етті.
2020 жылдың алты айында 64 968 адам қайтыс болды. Салыстыру үшін: 2019 жылдың бірінші жартысында 66 613 өлім тіркелді.
Жарты жыл ішіндегі өлімнің көп бөлігі Шығыс Қазақстанда тіркелді - 6859 адам. Бүл аймақ өткен жылдың сәйкес кезеңінде де бірінші орында болды - 7158. Елдегі өлім саны бойынша екінші орында Алматы тұр - 6771, одан кейін Қарағанды облысы - 6475.
Алты айдағы өлімнің ең аз саны Маңғыстау облысында тіркелді - 1531 адам.
Статистика комитеті сонымен бірге осы кезеңдегі қазақстандықтардың көз жұму себептері туралы мәліметтерді ұсынды:
- қанайналым жүйесі ауруларынан - 15 651 адам,
- гипертониядан - 423 адам,
- жүректің ишемиялық ауруынан - 5297 адам,
- стенокардиядан - 186,
- жедел миокард инфарктісінен - 961,
- мидың тамырлы зақымдануынан - 5607,
- ісіктерден-7441, қатерлі ісіктерден - 7257,
- жазатайым оқиғалардан, уланудан және жарақаттанудан - 4833,
- тыныс алу органдарының ауруларынан - 7326. Оның ішінде тұмау, ЖРЗ және пневмониядан - 2073 (2019 жылы 2138 адам қаза болды).
Қостанай облысында тұмаудан, ЖРЗ және пневмониядан болған өлім-жітімнің көп саны тіркелді - 277, 2019 жылдың жарты жылдығында бұл аймақта 364 жағдай тіркелді. Одан кейін Шығыс Қазақстан - 222, Қарағанды облысы - 210.
Асқорыту органдарының ауруларынан жарты жыл ішінде елде 5563 адам, жұқпалы және паразиттік аурулардан - 768 адам көз жұмды.
Өлім-жітімнің жалпы санында адам өлтіру, суицид және жол-көлік оқиғалары тіркелген.
stan.kz