KZNEWS.KZ
Қаржы

"Қазақстанда тұрғын үй мен көлік бағасы арзандай ма": Жұманғарин жауап берді

• Жарқын Омаров
Фото: CC0

Премьер-министрдің орынбасары -  Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үй мен көлік бағасына пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Соңғы уақытта қоғамда баспана мен автокөлік бағасы арзандайды деген пікірге Премьер-министрдің орынбасары әрі Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин сенімсіздік білдірді.

"Мен бұл туралы ақпарат естіген жоқпын. Қазіргі жағдайда бағаның төмендеуі қиын. Сондықтан бұған күмәнмен қараймын. Баға қатты қымбаттамаса, соның өзін де жақсы нәтиже деуге болады", - деді ол.

Оның айтуынша, тұрғын үй мен автокөлік бағасы айтарлықтай қымбаттамайды, өйткені оған қазір ешқандай нақты алғышарт жоқ.

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →