“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда ет бағасы күрт қымбаттай ма? Министрлік жауап берді

Қазақстанда ет бағасы күрт қымбаттай ма? Министрлік жауап берді
ашық дереккөз

Вице-министр алдағы уақытта ет бағасы күрт өседі деп айтуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

Астанада сиыр етінің бір келісі сауда орнына қарай 3,8 мыңнан 4,4 мың теңгеге дейін сатылып жатыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Назгүл Хатепова Үкіметтегі брифингте айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның мәліметінше, елордадағы «Шапағат» базарында сиыр етінің келісі шамамен 3,9 мың теңге болса, «Артем» базарында баға 4,4 мың теңгеге жетеді.

Вице-министр алдағы уақытта ет бағасы күрт өседі деп айтуға негіз жоқ екенін мәлімдеді.

«Біз күрт өсімге ешқандай негіз көріп отырған жоқпыз. Ішкі нарық толығымен өз өндірісіміз есебінен қамтамасыз етіледі. Өткен жылдың қорытындысы бойынша 434 мың тонна сиыр етін өндірдік. Биыл да өндіріс көлемінің артып келе жатқанын байқап отырмыз», – деді Назгүл Хатепова.

Сонымен қатар, ол министрлік қандай баға өсімін «күрт қымбаттау» деп санайтынын ашып айтпады. Сондай-ақ ет бағасының өсуін тежеу үшін қандай нақты шаралар қолданылатыны да нақтыланбады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі