Экономика

"Бензин мен дизель бағасы қымбаттай ма": Энергетика министрі жауап берді

"Бензин мен дизель бағасы қымбаттай ма": Энергетика министрі жауап берді
Фото: Pixabay.com

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов АИ-92 бензині, дизель отыны және сұйытылған газдың бағасы 2026 жылдың наурызының соңына дейін өзгермейтінін, мемлекет реттемейтін бензин маркалары бағасының өсуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

«Егер біз жанар-жағармай туралы айтсақ, ең алдымен әлеуметтік маңызы бар жанар-жағармай түрлерін - бұрын мемлекеттік реттеуде болған АИ-92 бензині мен дизель отынын атап өтуіміз керек. Бізде 2026 жылдың наурызының соңына дейін мораторий енгізілген. Осы уақытқа дейін баға өзгермейді деген шешім қабылданды», - деді министр.

Министрдің айтуынша, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің бағасы қымбаттауы мүмкін, себебі олар мемлекеттік реттеуге жатпайды.

Министр мораторийдің сұйытылған мұнай газының бағасына да қолданылатынын, ал заң бойынша бұл өнімнің бағасы жылына екі рет түзетілуі мүмкін екенін атап өтті.

«Сұйытылған мұнай газына келер болсақ, біз бағаны жылына екі рет қана өзгерте аламыз. Бірақ үкімет 2026 жылдың наурызының соңына дейін мораторий енгізді, яғни баға өзгермейді», - деді ол.

Ақккенженов газ саласының қазіргі уақытта шығынмен жұмыс істеп жатқанын да айтты.

«Газ өндірісі  тауарлық болсын, сұйытылған болсын Қазақстанда бүгінде тиімсіз. Экономикасы теріс сипатта. Яғни газ өндіру де, газ дайындау да пайда әкелмейді», -  деп түсіндірді министр.

Оның айтуынша, Қазақстанда газға ғана емес, мұнай өнімдерінің бағасын рықытандыруға қатысты реформа жүріп жатыр.

«2026 жылдың наурызына дейін күтеміз», - деді Әккенженов.

 

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz