ка

Қазақстанда сайлау өтіп жатыр: Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

09.06.2019 09:51
0
10
Қазақстанда сайлау өтіп жатыр: Қасым-Жомарт Тоқаев дауыс берді

Қасым-Жомарт Тоқаев "Астана Опера" теартында орналасқан сайлау учаскесіне келіп дауыс берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев №115 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Аталған учаске Нұр-Сұлтан қаласындағы "Астана Опера" театрында орналасқан. Бұл жерде таңата қауіпсіздік шаралары қолға алынып, келген адамдардың бәрін күзет қызметі арнайы құрылғылардан өткізіп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевтың дауыс беруін біраз отандық және халықаралық журналистер келді.

Учаскеде жасырын дауыс беруге арналған бес кабина бар. Біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған.

© Sputnik / Арман Асқар

№115 сайлау учаскесі

№115 учаскеде бірінші болып дауыс берген сайлаушы – астаналық Әсел Қиянбекова. Ол дәл осы учаскеге Қасым-Жомарт Тоқаевтың келетінін білмеген.

"Мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың дәл осы жерге келіп, дауыс беретінін білмеппін. Әрине, қуаныштымын. Сайлау - барша қазақстандықтар үшін аса маңызды шара. Бұл - алдағы бесжылдықтың болашағы ғана емес, жалпы келешегіміздің жауапты бір кезеңі, балаларымыздың болашағы. Сондықтан әрбір адам келіп, өз дауысын беруге міндетті деген ойдамын", - деп атап көрсетті Қиянбекова.

© Sputnik / Арман Асқар

№115 учаскеде жасырын дауыс беруге арналған бес кабина бар, біреуі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған

Президенттікке үміткерлер

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.

sputniknews.kz
Пікірлер
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий