Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда қанша ер азамат тұрады: статистикалық мәлімет жарияланды

Қазақстанда қанша ер азамат тұрады: статистикалық мәлімет жарияланды

Қазақстанда халық саны 19 млн 766 мың адамды құраса, оның 9 млн 674 мыңы - ер азамат. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы Telegram арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, елімізде 0-14 жас аралығындағы ер балалар саны 3 млн болса, 15-62 жас аралығындағы ерлер саны – 5 млн 876 мың, ал 63 жастан жоғары зейнеткерлер саны – 767 мың. Жалпы өңірлерге келсек, ер азаматтардың басым көпшілігі Түркістан облысында тұрады – 1 млн 79 мың. Ал Ұлытау облысында статистика бойынша 108 мың ер адам тұрады. Сонымен қатар ведомство дерегінше, ерлердің көпшілігі өнеркәсіп саласында қызмет етеді – 16,8 пайыз, көтерме және бөлшек сауда, автожөндеу саласында – 14 пайыз, тағы – 14 пайызы ауыл, орман және балық шаруашылығында еңбек етеді. Қазақстандағы ер адамдардың өмір сүру ұзақтығы – 70,2 жыл. Орташа жасы – 30,5 жас. Некеге тұрған ерлердің орташа жасы – 28 жас.

Автор
Еркебұлан