Жоғарғы аудиторлық палата: Ұлттық қордың қаржысы көшет сатып алуға жұмсалған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда көше мен алаң атауларын ауыстыруға тыйым салынбақшы

Қазақстанда көше мен алаң атауларын ауыстыруға тыйым салынбақшы

Қазақстанда халық санағы жүргізілгелі жатыр. Осы ауқымды науқан аясында елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауларын өзгертуге белгілі бір мерзімге мораторий енгізу ұсынылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл ұсыныс ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының халқының ұлттық санағы жөніндегі 2021 жылғы арнайы комиссияның алғашқы отырысында айтылды.

"Санақтың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету үшін 2021 жылдың 1 мамырынан 31 желтоқсанына дейін әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, қайта құрылымдау және жою және елді-мекендердің құрамдас бөліктерінің атауын өзгерту бойынша ұсыныстарға мораторий енгізу мәселесі қарастырылды", - делінген құжатта.

"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымы туралы" заңына сәйкес, Қазақстан Республикасының елді-мекендерінің құрамдас бөліктеріне - шағын аудандар, қаладағы аудандар, алаңдар, даңғылдар, бульварлар, көшелер, жолдар, саябақтар, скверлер, көпірлер және басқалары жатады.

2021 жылғы халық санағын дәстүрлі форматта (үй-үйді аралау) және онлайн форматта өткізіледі, бұл кезде қазақстандықтар арнайы веб-сайт арқылы санаққа қатыса алады.

Автор
Данияр