Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда бензин қымбаттады – Ұлттық банк

Қазақстанда бензин қымбаттады – Ұлттық банк

Экономика

Қысқа сілтеме алу

6 0 0

Отын және қызметтер бағасының өсімі Қазақстандағы инфляцияға әсер етті, деді ұлттық банк төрағасының орынбасары

НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Қаңтарда жылдық инфляция 5,6% құрады. Азғантай өсім реттелетін қызметтер мен бензин бағасы тарапынан көрсетілген қысымның салдары болды, деп мәлімдеді Қазақстан Республикасы ұлттық банкі төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

"Азық-түліктік емес жылдық инфляция 5,2% құрады (өткен айда 5% болған). Бұл акциздердің артуына байланысты бензиннің қымбаттауы есебінен болды. Көлік қызметтері және электр қуаты бағасының өсімі ақылы қызметтер инфляциясының өсіміне ықпал етті (инфляция 2019 жылдың желтоқсанындағы 0,7%-тен 1,4%-ке дейін)", - деді ұлттық банк төрағасының орынбасары.

Ал азық-түліктік инфляция қаңтарда баяулады. Бұған жеміс-жидек, көкөніс, ет, ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері, жарма, балық, май бағасы өсімі қарқынының төмендеуі әсер етті. Осылайша, 2020 жылы азық-түліктік инфляция баяулай түседі деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыз: Жанармай бекетінде бензинді аз құяды – жүргізуші не істеуі керек?


sputniknews.kz
Автор
Айбар