Жолы болмағандар! – Трамп АҚШ медиасын сынап тастады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«1 миллион теңгеге дейін алады». Қазақстанда жұмыссыздарға төлем жүйесі өзгереді

«1 миллион теңгеге дейін алады». Қазақстанда жұмыссыздарға төлем жүйесі өзгереді
Фото: freepik.com

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер механизмі өзгеретінін растады. Бұған қазақстандықтардың өздері қолданатын «көлеңкелі» схемалар себеп болып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкіметтегі брифингте Ертаевтан жаңа Әлеуметтік кодекс аясында қазақстандықтарға Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер «айтарлықтай қысқартылады» деген ақпараттың рас-өтірігі сұралды.

«Күзде сіздердің ведомство “Ашық НҚА” порталында жаңартылған әлеуметтік кодексті жариялады. Пікір қалдырушылардың айтуынша, ол Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алу мүмкіндіктерін айтарлықтай шектейді. Кейбіреулер мұны қордың дефолтқа ұшырауын болдырмау үшін жасалып жатыр деп болжады. Еңбек министрлігі бұл түзетулерді енгізуді шынымен жоспарлап отыр ма? Және МӘСҚ дефолт шегінде тұр ма, оны қарапайым қазақстандықтардың есебінен сақтап қалу көзделіп отыр ма?» деген сұрақ қойылды.

Аскарбек Ертаев «қордың дефолты күтілмейді және мұндай қауіп болған жоқ» деп жауап берді.

«Қор тұрақты жұмыс істеп тұр. Қаражат түсіп жатыр. Тіпті көрсеткіштер бойынша қор балансы оң нәтиже көрсетіп тұр», - деді министр.

МӘСҚ— Қазақстандағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры. Ол әлеуметтік тәуекелдер (жұмыстан айырылу, табыстың азаюы, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі) туындаған жағдайда жұмыс істейтін азаматтарға төлем жасау үшін құрылған. Қор жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің және жеке практикамен айналысатын тұлғалардың міндетті әлеуметтік аударымдары есебінен қалыптасады. Бұл қаражат қызметкерлердің жалақысынан ұсталмайды.

Сонымен қатар Ертаев қорда төлем мөлшеріне қатысты өзгерістер болатынын растады.

«Иә, мұндай өзгерістер бар. Бұл біз анықтап жатқан кейбір схемаларға байланысты. Мысал келтірейін, бір бухгалтер 10 ұйымда жұмыс істеген, сонымен қатар жеке кәсіпкер болған. Яғни ол бір мезгілде 10 жерде бухгалтер болып істейді де, кейін барлығынан бірден шығып, өзін жұмыссыз ретінде көрсетіп, қорға өтініш береді. Ережеге сәйкес, төлем оның соңғы орташа жалақысына қарай есептеледі. Қазір төлемдердің “шекті мөлшері” қайта қаралып жатыр», - деді министр.

Шенеунік пандемияға дейін Қазақстанда жұмыссыз деп 4 ай жұмыс істемеген адам есептелгенін, ал пандемия кезінде бұл мерзім 6 айға дейін ұзартылғанын түсіндірді.

«Біз жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін қайтадан 4 айға қысқартуды ұсынып отырмыз. Бұл мәселе қазір талқылануда. Себебі кеше ғана жұмыстан шыққан адам 3 күннен кейін жәрдемақы сұрап келеді. Осындай жағдайлар бар. Сондықтан артық және негізсіз төлемдердің алдын алу үшін өзгерістер енгізіледі», - деді Ертаев.

Оның айтуынша, өзгерістердің басты мақсаты — қор төңірегінде пайда болған «көлеңкелі» схемаларды жою.

«Кейбір азаматтар жәрдемақы алу үшін әдейі өтініш береді. Бізде жұмыссыз ретінде 1 миллион теңгеге дейін алып отырған жағдайлар бар. Бұл дұрыс емес. Сондықтан есептеу тәртібін қайта қараймыз және белгілі бір шекті мөлшер енгіземіз. Қазір төлемнің жоғарғы шегі жоқ, ал енді болады. Заң бойынша тиесілі барлық төлем азаматтарға толық төленеді», - деп қорытындылады министр.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі