Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету тәртібі өзгереді: жаңа ереже кімдерге бірінші әсер етеді?

Қазақстанда әлеуметтік көмек көрсету тәртібі өзгереді: жаңа ереже кімдерге бірінші әсер етеді?
ашық дереккөз

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік көмек тағайындауда мұқтаждық қағидатын кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы 29 қазанда өткен Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, жаңа жүйені енгізуге қажетті тетіктерді жетілдіру жұмыстары 2026 жылғы қараша айының соңына дейін аяқталады.

Ал желтоқсан айында Отбасының цифрлық картасын екінші деңгейлі банктердің жүйелерімен біріктіру жоспарланған. Сонымен қатар халыққа реформаның мақсаты мен оны іске асыру тәртібі түсіндіріледі.

«Мұқтаждық қағидатын енгізу бойынша пилоттық жобаны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап іске асыру ұсынылып отыр. Табысы жоғары азаматтар бойынша жұмыс қаңтар-ақпан айларында, ал ауқатты азаматтар бойынша ақпан-сәуір айларында жүргізіледі», – деді Асқарбек Ертаев.

Осылайша, жаңа тәртіпті алдымен табысы жоғары және ауқатты азаматтар арасында сынақтан өткізу көзделген.

Министрдің сөзінше, өзгерістер бастапқыда пилоттық режимде жүзеге асырылады. Оның қорытындысы бойынша жаңа тәсілдің тиімділігі бағаланып, әрі қарай енгізу тәртібі айқындалады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі