ШҚО-да тағы да шу: Білім сапасын қадағалайтын басшының былығы ашылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстан үкіметі медицина сапасын арттыруды жоспарлайды

Қазақстан үкіметі медицина сапасын арттыруды жоспарлайды

Қазақстан денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың айтуынша, алдағы үш жылда Қазақстанда ауылды жерлерде 600-ге жуық алғашқы көмек көрсету мекемесі ашылады.

Министр 5 наурызда Астанада өткен баспасөз мәслихатында үш жыл көлемінде елдегі ауыл-аймақтар мен елдімекендердегі дәрігерлер тапшылығы жүз пайыз шешілетінін айтты.

Біртанов "ауруларды алдын алу шаралары мен алғашқы көмекке кететін шығын мөлшері 40 пайызға өсіп, 60 пайызға жететінін" мәлімдеді.

"Вакцинация, скрининг санын көбейтіп, тегін дәрі дәрмектердің санын арттырамыз. Мақсатымыз - елдегі медицинаның қолжетімділігін арттырып, сапасын көтеру " деді министр баспасөз мәслихатында.

Біртановтың мәлімдеуінше, Қазақстанның жеті облысындағы ауруханаларды, перзентханаларды, туберкулез орталықтарын күрделі жөндеу үшін 120 миллиард теңге инвестиция бөлінеді.


Азаттық
Автор
Бауыржан