Шоу-бизнес

Қазақстан президенттігіне үміткер Таспихов комиссияға құжаттарын өткізді

KZNEWS KZNEWS
Қазақстан президенттігіне үміткер Таспихов комиссияға құжаттарын өткізді

Қазақстан кәсіподақтар федерациясы президенттікке үміткер ретінде ұсынған Амангелді Таспихов бүгін, 25 сәуірде орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді. Бұл туралы комиссияның ресми сайтында хабарланды.

Таспихов ұсынған құжаттар қатарында федерацияның өзін президенттікке кандидат ретінде ұсынған хаттама, мемлекеттік қызметте жұмыс тәжірибесінің бар екенін растайтын анықтама мен комиссия шотына сайлау жарнасын төлегенін растайтын қағаз бар.

Үміткерге мемлекеттік тілден емтиханды ертең, 26 сәуірде тапсырады.

Әзірге тіл емтиханын Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен "Ұлы дала қырандары" республикалық қозғалысы ұсынған Сәдібек Түгел ғана тапсырды. 23 сәуірде "Нұр Отан" атынан сайлауға түсіп жатқан Тоқаевтың "мемлекеттік тіл емтиханын сәтті тапсырғаны" хабарланды. Журналист Түгел мәтінінде "кішігірім пунктуациялық қателер жібергенімен", комиссия "мемлекеттік тілді еркін меңгерген" деп шешкен.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 9 маусымда өтеді. Кандидаттарды ұсыну - 28 сәуірде, тіркеу 11 мамырда аяқталады.


Azattyq

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz