Саясат
Қысқа сілтеме алу
Бұл қызметті бұған дейін атқарған Бердібек Сапарбаев Қордайдағы тәртіпсіздіктерден кейін Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 11 ақпан – Sputnik. Ералы Тоғжанов Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың сайты.
"Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалсын", - деп жазылған мемлекет басшысының жарлығында.
Бұған дейін премьер-министрдің орынбасары болған Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалған болатын, өңірдің бұрынғы басшысы Асқар Мырзахметов Қордай ауданындағы тәртіпсіздіктерден кейін отставкаға кетті.
sputniknews.kz