KZNews.kz
Спорт

Қазақстан күрес федерациясына жаңа президент тағайындалды

Айжан Сыланова

Қазақстанның грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясында президент ауысты: Дәулет Тұрлыханов қызметін тапсырды, оның орнына Еркін Оқасов сайланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жылдық қорытынды отырыста конференция делегаттары Оқасовты федерацияның жаңа басшысы ретінде таңдады. Ұзақ жыл еңбек еткен бұрынғы президент Дәулет Болатұлына алғыс білдірілді.

Еркін Оқасов сенім артқан қауымға рақмет айтып, қазақ күресінің дамуына бар күшін жұмсайтынын айтты.

Оқасов – Батыс Қазақстан облысының тумасы, кәсіпкер, «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. Бұған дейін «Qazaq kuresi» қауымдастығының вице-президенті болған.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →