Жанәбіловтің әйелі соңғы сөзінде судьяға өтініш айтты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақстан – екінші үйім»: ДДСҰ басшысы қазақша ән шырқады

«Қазақстан – екінші үйім»: ДДСҰ басшысы қазақша ән шырқады
Фото: ашық дереккөзден

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Instagram желісіне Қазақстанда туыстарымен бірге қазақ тілінде ән айтып тұрған бейнежазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бейнежазбада  ДДСҰ басшысы қазақ құдаларымен бірге ән айтып отыр. Жазба астында ол отбасына жылы кеш үшін алғыс білдірген.

Құдағи Ардақ пен құда Дәулетке керемет кеш үшін алғыс айтамын. Уақытты тамаша өткіздік. Бір шаңырақ астында күлкі, махаббат және бірге шырқалған ең жылы әндер болды. Сондай-ақ маған үш керемет немере сыйлағандарыңыз үшін рақмет. Олар менің бар байлығым. Өзімнің екінші үйімде болғаныма өте қуаныштымын. Отбасы – жүрек ән салатын мекен, бүгін менің жүрегім шаттыққа толды, – деп жазды ол.

Тедрос Адханом Гебрейесус қазақтармен туыстық байланыста. Айтыскер Жүрсін Ерманның немересі оның ұлына тұрмысқа шыққан. Ол бұған дейін де Жүрсін Ерманды қазақ тілінде құттықтаған болатын.

Қазір ДДСҰ бас директоры Астана қаласында жұмыс сапарымен жүр. Ол өңірлік экологиялық саммитке қатысуда. Бұған дейін оны Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдаған. Кездесу барысында бірлескен жобалар талқыланды.

Сондай-ақ Тедрос Адханом Гебрейесус Қазақстанға дәрілік заттарды реттеу жүйесінде үшінші деңгейлі жетілген ел мәртебесі берілгені туралы хат тапсырды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.