KZNEWS.KZ
Спорт

Қазақстан Арменияны ойсырата жеңді

Асқар Алтайұлы
Фото: видеоскрин/instagram.com/kff_women/

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңін Қазақстан ұлттық әйелдер құрамасы жеңіспен бастады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Астана Арена" стадионында қазақ қыздары Армения құрамасымен С лигасының алтыншы тобында 1 тур ойынын өткізді. Біздің футболшы қыздарымен жауапсыз 3 гол соғып, алғашқы 3 ұпайына қол жеткізді.

Енді 7 наурыз күні Қазақстан құрамасы Астанада Беларусь футболшы қыздарымен кездеседі. Кейінгі 2 ойын сырт алаңда өтеді.

Қазақстан – Армения     3:0
Гол салғандар: Александра Бурова (35), Анелья Мамырова (76), Бибігүл Нұрышева (79)

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →