"Ойын" алаңына айналған Ормуз: бұғаздың қайта жабылуы қаншалықты қауіпті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақмыстағы» ұрлық – Ұлытауда кәсіпорынды тонаған қылмыстық топтар ұсталды

«Қазақмыстағы» ұрлық – Ұлытауда кәсіпорынды тонаған қылмыстық топтар ұсталды
Фото: кадр из видео

Ұлытау облысында полиция қызметкерлері «Қазақмыс» корпорациясының нысандарында ірі көлемде ұрлық жасаған бірнеше қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды kznews.kz агенттігі liter.kz-ке сілтеме жасап.

Өткен жылдан бері кәсіпорын аумағында бағалы металл араласқан кен қоспаларын ұрлап келген қылмыстық топтар құрықталып, келтірілген шығынның 94,5 пайызы толық өтелген. Жергілікті криминалдық ортамен байланысы бар күдіктілер бүгінде сотты болды, ал биылдың өзінде мекемеге ірі материалдық шығын әкелген төрт ұрлық фактісі ашылды.

«7 мамырда Мемлекеттік күзет қызметімен бірлесе отырып компания аумағынан жанармай ұрлауға қатысты заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Жедел іс-шаралар барысында жанар-жағармай ұрлауды ұйымдастырды және оны әрі қарай сатты деген күдікке ілінген тұлғалар ұсталды. Бір тоннадан астам отын, ірі көлемдегі ақша, көліктер, оқ-дәрісі бар қару және заңсыз схемада қолданылған өзге де заттай айғақтар тәркіленді. Тергеу мәліметіне сүйенсек ұрлық арнайы техникаға жанармай құйылды деп жалған құжат жасау арқылы жүзеге асқан. Бұдан бөлек күзет құрылымдарының кейбір қызметкерлері тарапынан қылмысқа көмектесу фактілері анықталды», – деді ІІМ Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық құжаттарын тексеріп, шығынның нақты көлемін есептеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша ұрланған мүліктің мөлшері аса ірі болуы мүмкін.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары