Қазақстан "+7" кодынан бас тартпайтын болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс Жомарт кенішіндегі желдету жүйесін жаңғыртуды жалғастыруда

Қазақмыс Жомарт кенішіндегі желдету жүйесін жаңғыртуды жалғастыруда
Фото:Қазақмыс

«Қазақмыс» корпорациясында биылғы жыл Қауіпсіздік жылы болып жарияланды. Осыған байланысты өндірістік қауіпсіздік талабын күшейту және тау-кен жұмысын сапалы ұйымдастыру мәселелері тұрақты бақылауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz.

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Саят Бакиров өндіріске жауапты тұлғалармен бірге Жомарт кенішінің шахтасына түсіп, кен өндіру учаскелеріндегі жұмыс барысымен танысты.

Қауіпсіздік талабының сақталуына ерекше назар аударылды. Тексеру барысында кенжарларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы, шахтаның желдету жүйесі, сондай-ақ газталдағыштармен жұмыс істеу үдерісі бақылауға алынды. Анықталған кемшіліктер бойынша нақты тапсырма беріліп, қауіпсіздік талабын қатаң сақтау міндеті қойылды.

Қазіргі уақытта желдету ұңғымасын бұрғылау жұмысы толық аяқталып, іске қосу шаралары атқарылуда. Жердің бетіне арнайы желдеткіш қондырғылар орнатылған. Алдағы уақытта 600 метр тереңдікке дейін таза ауа жеткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар кеніш аумағында қосымша желдету ұңғымаларын бұрғылау жұмысы жалғасуда. Жұмыс сапары барысында кен өндіру саласындағы күрделі мәселелерді шешудің тиімді жолы қарастырылып, геомеханика мамандарының қатысуымен болашағы бар жобалар талқыланды. Шахтапроходкалау тресінің мамандарымен және кеніш басшылығымен бірлесіп, болашақта шахтадағы кен қорын ашу жоспары сараланды.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.