"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

Қазақмыс «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің дамуына инвестиция салады

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС басшылығы Q.I. Satbaev atyndagy Jezqazgan tau-ken ondirisi «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінің ұжымымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуде өнеркәсіптік қауіпсіздік, жаңғырту және инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері негізгі тақырып ретінде талқыланып, еңбекті қорғау мәселесіне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жұмыскерлерге өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарын сақтау еңбек өтіліне қарамастан барлық қызметкерлер үшін міндетті екені ескертілді. ӨҚжЕҚ нормаларын сақтау адам өмірі мен денсаулығын қорғаудың негізгі шарты деп көрсетілді.

Компания өзіне алған әлеуметтік міндеттемелерді орындап, инвестициялық бағдарламаларды іске асырып жатыр. Қаражат геологиялық барлауға, тау-кен шахталық техника паркін жаңартуға және жаңа нысандар салуға бағытталуда. Бұл «Жомарт» кенішінің жұмысын тұрақтандыруға және «Жыланды» кенішінің өндірістік қуатын арттыруға мүмкіндік береді.

«Жыланды» кеніші аумағындағы «Батыс Сарыоба» шахтасында күрделі тау-кен жұмысын жүргізу жоспарланған. Желдетуді қамтамасыз ету үшін шахта оқпандарын жабдықтау, конвейерлік желі салу және жерүсті инфрақұрылымын дамыту көзделген. 2029 жылға дейін кеніштің өндірістік қуатын жылына 3 млн тоннадан 5,4 млн тонна кен өндіруге дейін кезең-кезеңімен арттыру жоспарлануда.

«Жомарт» кенішінде үшінші желдету оқпанының құрылысы басталды. Нысанды пайдалануға беру 2027 жылдың бірінші тоқсанына жоспарланған. Сондай-ақ кен орнының батыс және шығыс қапталдарында геологиялық барлау жұмысын жүргізу көзделіп отыр.

2026 жылы Жезқазған өңірінде кен қорын нақтылау және оны арттыру мақсатында 73 645 қума метр аумаққа геологиялық барлау жұмысын жүргізіледі. Күтілетін өсім 5,38 млн тонна кенді құрайды.

Кездесу барысында жұмыскерлер қосалқы бөлшектермен және резервтік техникамен қамтамасыз ету, қосалқы бөлшектердің сапасы және жөндеу жұмысын ұйымдастыру мәселелерін көтерді. «Жомарт» және «Жыланды» кеніштерінде жөндеу бригадаларын күшейту басым бағыт ретінде айқындалды. Қосалқы бөлшектердің сапасы тұрақты бақылауға алынды.

Сонымен қатар жерасты автобустарын тиімді пайдалану және өздігінен жүретін техникаға ұқыпты қарау мәселелері талқыланды. «Жомарт» кенішінің жатақханасындағы орын тапшылығы мәселесі жеке қаралды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.