Айман Талғатқызының сөзінше, әлеуметтік желілерде оның атынан ашылған парақшалар мен жарияланымдарға қатысты материалдар нотариус арқылы тіркелген. Ол бұл мәселеге адвокат пен сарапшыларды да тартқанын жеткізді.
Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде өз атынан жалған парақша ашып, суреттері мен видеоларын рұқсатсыз жариялап жүргендерге қатаң ескерту жасады. Ол осы уақытқа дейін үнсіз қалуының себебін түсіндіріп, енді заң жүзінде жауапқа тарту үшін қажетті дәлелдерді жинағанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Әсіресе TikTok желісінде өзін таныстырып, жұрттың ашуын тудыратын жазбалар жариялап жүрген жалған парақша иесіне қатысты шара қолданатынын айтты.
«Үндемегенді әлсіздік демеңдер. Былқып болған шығарсыңдар. Мысалы, TikTok-та мен болып фан-парақша ашып, елдің ашуына тиіп, мен болып жүрегізіп отырған парақша иесіне 10–20 жыл арасында грозит», – деді ол.
Айман Талғатқызы бұған дейін құқықтық тұрғыда әрекет ету үшін барлық қажетті материалды жинап, оларды ресми түрде тіркеумен айналысқанын атап өтті.
«Адвокатым, эксперт, нотариус, IP анықтайтын орган, бәрін фиксировать етіп, предс, инста, тик-ток бәрін тіркеп алғанша үндемедім. Ал енді ұйқыларың тыныш болсын! Жанталасып комменттеріңді өшіріп жатырсыңдар ғой. Ешқандай кешірім қабылдамаймын», – деп жазды ол.
Өнер иесінің жұбайы енді өзінің аты-жөнін, фото және бейнематериалдарын келісімінсіз пайдаланғандарға қатысты дәлелдерді нотариус арқылы рәсімдеп, заң аясында әрекет ететінін ескертті.