Атырау облысында төрт бірдей мүшесі қаза тапқан Қарабалиндер отбасының туыстары марқұмдарды еске алуға арналған ас ұйымдастырмақ. Қайғылы оқиға қоғамда үлкен резонанс тудырған еді.
Марқұмдардың рухына Құран бағышталып, дұға жасалатын еске алу асы 26 желтоқсанда сағат 09:00-де Атырау облысы Миялы ауылындағы "Ақсәуле" дәмханасында өтеді.
Бұл туралы Қарабалиндер отбасының туыстары хабарлаған.
"Ағамыз Мақсот Қарабалин, жеңгеміз Нәсіп Өтемқалиева, сіңіліміз Мейрамгүл, ініміз Наурыз марқұмдардың рухтарына құран бағыштап, дұға жасауға арналған еске алу асына шақырамыз", – делінген хабарламада.
Еске салайық, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Атырау облысында бір отбасының төрт мүшесі із-түссіз жоғалғаны туралы полицияға хабар түскен. Құқық қорғау органдары жүргізген іздеу жұмыстары барысында ерлі-зайыпты Мақсот Қарабалин мен Нәсіп Өтешқалиеваның мәйіттері өздері тұрған үйдің аумағынан табылды.
Кейін отбасының қызы Мейрамгүл Қарабалина мен ұлы Наурыз Мұқанғалиевтің де мәйіттері табылған. Бұл деректер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілді.
Аталған қылмысқа қатысты отбасының бұрынғы күйеу баласы Сұлтан Сәрсемәлиев ұсталған болатын. Ол шетелде қолға түсіп, кейін Қазақстанға жеткізілді.
2026 жылғы 14 шілдеде Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сәрсемәлиевті төрт адамды өлтіргені үшін кінәлі деп таныды. Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Үкім кейін заңды күшіне енді.