Ауруханаларға - 450 млрд теңге: ем-домға төлеген ақшаның астарында не жатыр?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қауіпсіздік жылы аясында Қазақмыс жерасты кеніштеріндегі желдету жүйесін жаңғыртуда

Қауіпсіздік жылы аясында Қазақмыс жерасты кеніштеріндегі желдету жүйесін жаңғыртуда

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-ның «Итауыз» шахтасында жаңа желдету жүйесі пайдалануға берілді. Ол өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жерасты қазбаларындағы еңбек жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды kznews.kz.

Жобаны іске асыру үшін биіктігі 180 метр болатын желдетуге арналған тік оқпан қазылды. Жұмыс биыл сәуір айында аяқталды.

Мамыр айында шахтаның үстіне немістер өндірген Korfmann AL 17-2500 үлгісіндегі екі осьтік желдеткіші орнатылды. Жаңа желдету жүйесі секундына 150 текше метрге дейін ауа өткізе алады. Бұл жерасты қабатының тұрақты әрі тиімді желдетілуін қамтамасыз етеді.

Жоба компанияның жерасты кеніштеріндегі желдету инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігі болып табылады. Осыған ұқсас жүйе бұған дейін «Жомарт» кенішінде іске қосылған болатын. Онда орнатылған жабдық 600 метрден астам тереңдіктегі тау-кен қазбаларын желдетуді қамтамасыз етеді.

«Жомарт» кенішінде желдетуге арналған тағы бір тік оқпанның құрылысы жалғасуда. Жұмыс аяқталғаннан кейін желдету жүйесінің мүмкіндігі кеңейеді. Бұл тау-кен жұмысын жүргізу кезінде қауіпсіздік деңгейін арттырып, өндірістің тиімділігін жақсартуға ықпал етеді.

Желдету инфрақұрылымын дамыту 2026 жылы «Қазақмыста» жарияланған Қауіпсіздік жылы аясындағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Осындай жобаларды жүзеге асыру өндірістік тәуекелдерді азайтуға, кеншілердің еңбек жағдайын жақсартуға және жер астындағы өндірістік нысандардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге септігін тигізеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.