Медиасауат: қоғам блогерлер мен инфлюенсерлерге сенбейді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Қазақфильмде» өрт квадрокоптермен түсірген видеосы шықты

«Қазақфильмде» өрт квадрокоптермен түсірген видеосы шықты

14 тамыздың түнінде Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясы аумағында өрт болған еді. Алдын ала таратылған мәліметке қарағанда, онда "Томирис" фильмінің декорациясы жанған.


Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ресми мәлімдеме жасады.
"Қазақфильмде" өрт шықты. Аумағы 400 ш.м ошақ 23:10-да, екінші 200 ш.м ошақ 23:26-да сөндірілді. 53 қызметкер мен 16 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт салдары жойылуда. Зардап шеккендер жоқ. ТЖД мен полицияға өрттің себебі мен шығынын анықтауды тапсырдым, - деп жазды Twitter-дегі парақшасында қала әкімі.

Еске сала кетсек, өрт туралы хабарлама 14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден келіп түскен.

https://youtu.be/O2wn7S3oDtg

Автор
Айбар