Айбек Смадияров Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы болды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қазақ қызы құрып қалды ма?": Димаштың жаңа бейнебаяны талқыға түсті

"Қазақ қызы құрып қалды ма?": Димаштың жаңа бейнебаяны талқыға түсті

Димаш Құдайберген Okay әнін жарыққа шығарып, Ресейдің Санкт-Петербург қаласында бейнебаян түсірді.

Әншінің бұл туындысы АҚШ-тағы музыкалық чарттардан орын алып үлгерген. Ал бейнебаянда басты рөлді сомдаған ресейлік актриса Александра Гайдар түсірілім кезінде Димаштың адамгершілігін көрсететін ерекше оқиғаны баяндады.

Димаш Құдайбергеннің бейнебаянында басты рөлді сомдаған актриса Александра Гайдар Димаштың талантынан бөлек, адамгершілігі жоғары жан екеніне ерекше тәнті болғанын жасырмады.

"Баршаңызды клиптің жарыққа шығуымен құттықтаймын! Жылы лебіздеріңізге рахмет! Димаштың, осы бір ақпейіл, жан дүниесі терең адамның шығармашылығын қолдайтындарға мың алғыс. Ең қызығы, осындай ерекше талантына қарамастан, Димаш өзінің адами қалпын сақтап қалған. Клиптің түсірілімі кезінде бір оқиға болды. Түсірілім тобындағы қыздардың бірі жүгіріп бара жатып, тайып құлады. Дәл осы сәтте түсірілім жүріп жатқанына қарамастан, Димаш көмектесуге жүгіре жөнелді. Бұл мені қатты таң қалдырды. Димаштың бар болмысы осында жатыр", - деді актриса Александра Гайдар.

Сондай-ақ клиптің режиссері де Димаштың актерлік қабілетіне таң қалып, бір көріністі қайтадан түсіруге ешқандай қажеттілік болмағанын жеткізген.

Автор
Айбар