Тоқаев мұғалімдерді жөндеу жұмыстары мен оқу процесіне қатысы жоқ шаралардан босатуды тапсырды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов туралы қуанышты хабар жария болды

Қазақ өнерінің абызы Асанәлі Әшімов туралы қуанышты хабар жария болды
Асанәлі Әшімов. Фото: instagram.com/bagdat.ashimova

Алматыдағы «Жаңа ғасыр» театрына қазақ театр және кино өнерінің көрнекті тұлғасы, КСРО және Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтің есімі берілді. Енді мәдениет ошағы ресми түрде Асанәлі Әшімов театры деп аталады, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл шешім актердің шығармашылық мұрасын дәріптеп, оның ұлттық театр мен кино өнеріне қосқан үлесін кейінгі ұрпаққа кеңінен таныстыруды көздейді.

Асанәлі Әшімов қазақ өнерінде актер ғана емес, режиссер, сценарист және ұстаз ретінде де айрықша із қалдырды. Ол ұзақ жылдар бойы сахна мен экранда көптеген есте қаларлық образдар сомдады.

Жаңаша атауға ие болған театр алдағы уақытта ұлттық өнер дәстүрін заманауи бағыттармен ұштастырып, көрерменге жаңа қойылымдар ұсынуды жоспарлап отыр.

Асанәлі Әшімов 1937 жылғы 8 мамырда Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол шығармашылық жолын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында бастап, кейін қазақ мәдениетінің ең танымал тұлғаларының біріне айналды.

Көрермен оны «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі» және басқа да танымал туындылардағы рөлдері арқылы жақсы біледі.

Асанәлі Әшімов 2025 жылғы 21 желтоқсанда 88 жасында өмірден өтті.

Оның есімінің театрға берілуі – өнер иесінің мол мұрасын ұлықтап, қазақ мәдениеті тарихындағы орнын тағы бір мәрте айқындаған маңызды қадам.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер