Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы айтты

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Қазақстан президенті діни ұстанымы туралы айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев діни ұстанымы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мен атеист емеспін. Құдайдың бар екеніне сенемін. Әрине, мен мұсылманмын. Бірақ бес уақыт намаз оқитын мұсылман емеспін. Мейрам кезінде мешітке барып тұрамын", - деді Тоқаев.

Президент өз әкесіне Сингапурдан Құран кітабын қалай алып келгенін де айтып берді. Оның айтуынша, әкесі 63 жасында қайтыс болды. Шамамен 60 жасында оның ислам дініне қатысты қызығушылығы күшейді.

"Мен Сингапурда барып келгеннен кейін ол жерде Құран кітабы дүкенде ашық сатылатыны жайында айттым. Тіпті сүрелер жазылған пленкалардың да бар екенін жеткіздім. Сол кезде әкем оның бәрін алып келуді өтінді. Мен ойландым да, Құран мен пленкаларды шекарадан өткізуге болмайтынын айттым. Дегенмен кішкентай бір Құран кітабы мен пленканы алып келдім. Әкем коммунист болса, соның бәрін тыңдады", - деп атап көрсетті Тоқаев.


sputniknews.kz
Автор
Бауыржан